24
май
2025
«ТАҢДА! ӨЗГЕР! ЖАСАМПАЗ БОЛ!» атты республикалық форум
ТАҢДА! ӨЗГЕР! ЖАСАМПАЗ БОЛ!
Шымкенттегі Қызғалдақ сарайында «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында «ТАҢДА! ӨЗГЕР! ЖАСАМПАЗ БОЛ!» атты республикалық форум өтті.
Шараны Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Форумға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Р. Емелбаев, қала прокурорының аға көмекшісі Қ.Қайсар, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Тараз, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ қала мектептерінің басшылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, психологтер және 9-11 сынып оқушылары болды. Қатысушылар саны – 2100 адам.
Форум аясында оқушыларға мамандық таңдау бағытында кәсіби кеңес берілді. Оқушыларға дұрыс таңдау жасау жолдары түсіндірілді. Мамандықтың адам өміріндегі орны мен маңызы туралы ақпарат ұсынылды.
Кәсіби мамандармен кездесулер өтті. Диагностикалық тест алынды. Тренингтер мен мотивациялық сессиялар ұйымдастырылды.
Бұл шара – оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сай бағыт таңдауға мүмкіндік беретін тәжірибе алаңы. Форум – тек ақпарат көзі емес, болашаққа деген сенімді қалыптастыратын мотивациялық бастама болды.