15
май
2023
"Мейірім-жүректен" айлығы аясында 15 мамырда мектебімізде құқықтық сағат өткізілді
"Мейірім-жүректен" айлығы аясында 15 мамырда мектебімізде құқықтық сағат өткізілді. Құқықтық сағатта Қаратау аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.А.Балтабаева мектеп директоры Н.Б.Мырзатаевпен бірге 8-11 сыныптарға жекелеп кіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, іс-шара әрі қарай мектеп мәжіліс залында жалғасын тапты.
Кездесу жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және әлімжеттікті болдырмау мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты тележобалар мен деректі фильмдерді көрсетіп оқушылармен бірлесіп талқылады. Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіз, ізгілікті қоғам құруда жастардың үлесі зор екендігін айта келе, құқық бұзушылыққа жол бермеуге аса назар аудару керектігіне кеңес берді.