12
май
2023
"Мейірім-жүректен" айлық жоспары аясында
"Мейірім-жүректен" айлық жоспары аясында Медицина қызметкерлері күніне орай мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер гигиенасы туралы түсінік беру мақсатында дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қалалық №3 емхананың медицина қызметкерлері Орынбаева Гулмира Маратовна, К.Жаманқараева, Н.Туртаева және 8-9-10 сынып қыздары қатысты.
Денсаулық сақтау қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасын сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу туралы дәріс оқыды. Оқушылар мамандарға көкейкесті сұрақтарын қойып, бейнеролик көріп, іс-шараға белсенді қатысты. Кездесу маңызды әрі мазмұнды өтті.