"Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы
"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" №130 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" іс-шарасы негізінде бос уақыттарын тиімді пайдаланып кітап оқумен өткізіп жатыр. Мақсаты: оқушыларды кітап оқу арқылы сөздік қорын молайту, білімнің көзі кітапта екенін түсіндіру.Кітап оқу арқылы өздерінің рухани жағынан байытуға жан-жақты дамуына ықпал етеді. #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы