1-сынып оқушыларына психологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
№130 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог - психологтары Р.К.Ниязова, Т.А.Зиятаева 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін, мектепке даярлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мектепке келу - әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы