Қыздар жиналысы «Ерте жүктіліктің алдын алу»
#тәрбиешымкентәдістемелікорталық 2021 жылы 10 ақпанында кезекті қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары Б.Калаубаева, А.Болганова, медбике Н.Туртаева, мектеп психологтары Т.Зиятаева мен Р.Ниязовалар «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша 9-11 сынып қыздары арасында өткізді. Аталған іс-шарада қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болатыны, оның адам өміріне тигізетін қатері туралы айтылып, әлеуметтік роликтер көрсетілді.