09
октябрь
2021
«БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ»
Онкүндік барысында бекітілген жоспар бойынша «БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай жоғары деңгейде өткізілуде.
Онкүндіктің ашылуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылып, онда директордың оқу-әдістмелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Болганова бірлестік мүшелеріне сәттілік тілеп, мектеп ұжымын және оқушыларды апталыққа белсене қатысуға шақырды. Бірлестік жетекшісі М.Ельчибаева мектеп ұжымы мен оқушыларды онкүндіктің жалпы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Онкүндіктің әр күні мұғалімдер нақты бір тақырыпта сабақтарын өткізеді және сол бағытта заманауи әдістерді қолдана отырып жүзеге асырылып отырады. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Алғашқы күні математика пәні мұғалімі Б.Буркулова 5 «Д» сыныбына берген ашық сабағында өзінің шеберлігі мен біліктілігін ұштастырып, жоғары деңгейде өткізе білді. Онкүндік барысында пәндердің оқытылу деңгейі, оқу бағдарламасының орындалуы , таңдау курстарының жүргізілуі зерделенуде.