Мектеп тарихы » «№130 жалпы орта мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№130 жалпы білім беретін мектеп»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-51-14
Бухгалтерия
+7(7252) 27-51-14
Версия для
слабовидящих
13
март
2019

Мектеп тарихы


Мектеп тарихы 

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт» мөлтек ауданы күн санап көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман, заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда, сол білімді тұрмыс игілігіне жарата білуіміз қажет» дегендей, елімізде білім саласына көп көңіл бөлініп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  2017 жылы жаңа мектеп құрылысы аяқталып, желтоқсан айының 15 жұлдызында ашылып, зәулім ғимарат ел иелігіне берілді. Тұрғындардың, әсіресе, бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. 

Елбасының жасаған қамқорлығының арқасында 1200 орынды жаңа мектеп заманауи талапқа сай жабдықталып, балалардың толыққанды саналы да сапалы білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған, екі ауысымда жұмыс жүргізетін бұл білім ордасында 60 оқу бөлмесі жаңа үлгідегі биология, химия, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалар, кітапана, асхана, акт, спорт залдары мен спорт алаңы кең көлемде қарастырылған. Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысып, білім ұясының құрметті лентасын қиып, мектеп директорына кілтін өз қолымен табыс етті. Мектептің оқу бөлмелерін аралап көрген облыс әкімі «Халық игілігі үшін салынып отырған ғимарат мерейтойымызға арналған үлкен тарту деп санаймын. Бүгін біз Тәуелсіз еліміздің ертеңі, жарқын болашағымыздың сенімді тірегі болатын балаларымызға үлкен қуаныш сыйлап отырмыз.  Біз, мәңгілік елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа ала отырып, өскелең ұрпақтың жаһандану дәуіріне сай жан-жақты жетілген, толыққанды азамат болып өсуіне, еліміздің рухани жаңғыруына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Яғни, мұнда білім алушы әмбебап болып шығады. Мұның барлығы Елбасы саясатының нәтижесі», - деді. 

Мектеп директоры – Нұрлан Бахадүрұлы Мырзатаев. Ол талапшылдығымен оқушыларды тәртіпке шақырып,   іскерлігімен ұжымды және өзгелерді ұйыта білді.

Алғашқы жылы мектепке 1019 оқушы қабылданып, 52 сынып комплектісі, 80 мұғаліммен өз жұмысын бастады. Биылғы оқу жылында 1957 оқушы қабылданып, 75 сынып комплектісіне артып отыр.

Қиындығы мен қызығы қатар ұштасқан киелі шаңырағымыздың ұстаздары оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде. «Сен де бір кірпіш дүниеге тетігін тап та, бар қар қалан» дегендей, өмірде өз орындарын тауып, тұлға болып қалыптасуына ұстаздар қауымы  атсалысып, бойларындағы күш-қуатын балаларға арнауда. Ұжымның оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұстаздардың ауызбіршілігін сақтап, бағыт-бағдар беріп отырған директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және ұлағатты ұстаздарымыздың орны ерекше. Өздерінің еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен оқушы бойына сан қырынан көрінетін, асуларды бағындыратын, еліміздің туын көкке көтеретін ұрпақ тәрбиелеп, мектебіміздің мерейін көкке көтеретініне, аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосатынына сенеміміз мол.

Еліміздің орта білім беру мазмұнын жаңарту үшін ұйымдастырылған педагогикалық курстарын оқып, оқу нәтижелерін жетілдіріп, заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушыларды білім нәрімен сусындатуда.

 «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамына сәйкес мектебімізде 4 ұстаз «Тілдік құзіреттілік» курстарын аяқтап, химия, биология, информатика пәндері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілуде. Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп дайындаған деңгейлік бағдарламаларының тиісті сертификатын алған   15  мұғалім бар. 

І, ІІ, ІІІ деңгейлі ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімдермен коучинг, тренинг, шебер сабақтар өткізуде. 

Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы сыныптан  тыс жүргізілетін үйірменің рөлі зор.  Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру мақсатында  мектебіміздің оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бір бөлігі   ретінде жүзеге асырылады. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, үстел тенисі, күрес, гандбол, дойбы, ұлдар мен қыздар футболы, би, домбыра т.б. үйірмелері жұмыс жасайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», – деп мұғалімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. Олай болса, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаздар қауымы екені сөзсіз. 

Мектебіміздің ары қарай өсіп өркендеп дамуы «Ата-ана – оқушы – мұғалім» атты үштік одақтың бір мақсатта жұмыс жасауының жемісі екені анық. 































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив