LANGUAGE IS THE PLEDGE OF FRIENDSHIP » «№130 жалпы орта мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№130 жалпы білім беретін мектеп»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-51-14
Бухгалтерия
+7(7252) 27-51-14
Версия для
слабовидящих
» LANGUAGE IS THE PLEDGE OF FRIENDSHIP
28
сентябрь
2021

LANGUAGE IS THE PLEDGE OF FRIENDSHIP

LANGUAGE IS THE PLEDGE OF FRIENDSHIP
Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде, сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. Ендеше, Елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі  үштұғырлы тіл мәселесіне орай ағылшын тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің, ұлттың бәсекеге қабылеттілігін шыңдай түседі.  Ағылшын тілін меңгеру – уақыт талабы. 
2021 жылғы 20.09-24.09 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі “Тіл - татулық тірегі” (Language is the pledge of friendship) тақырыбында дәстүрлі апталық өткізді. 
Іс-шара мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру. 
Апталық барысында бірлестік мұғалімдері “Poetry time” мәнерлеп өлең оқу, “English is fun” бастауыш сынып оқушыларымыз үш тілде өлең айтып, тақпақ жаттауы, “Clever kids” сайысында ақылды балалардың сұрақтарға ақылмен әрі жылдам жауап беруі, мақал мәтелдер сайысы, TedX бойынша жоғарғы сынып оқушыларының ағылшын тілінде глобальды тақырыптарды талқылауы және сұрақтарға жауап беруі, “Knowledge is power” сияқты білім және өнер сайыстары өткізілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив