14
сентябрь
2023
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №76 бұйрығына және Қамқоршылық кеңес отырысының қаулысына сәйкес 1-4 сынып оқушылары толығымен
Мектепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде, Шымкент қалалық білім басқармасының 2022 жылғы 31 тамыздағы 10-11-08/5703 хатына, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №76 бұйрығына және Қамқоршылық кеңес отырысының қаулысына сәйкес 1-4 сынып оқушылары толығымен, 5-11 сынып оқушылары арасында Қамқоршылық кеңесінде қаралған АӘК алатын отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» қарастырылған қаржы есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Арнайы бекітілген ас мәзіріне, бекітілген кестеге сәйкес тамақтанады. Мектепте бракераждық және ата-аналар тарапынан құрылған комиссия құрамы және мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, мектеп медбикелері мектеп асханасының санитарлық талаптары мен ас мәзірінде көрсетілген тамақтардың талапқа сай берілуін қадағалап отырады.