САБАҚТАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ » «№130 жалпы орта мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№130 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-51-14
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-51-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » САБАҚТАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
02
февраль
2023

САБАҚТАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

САБАҚТАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
 ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2023 жылғы 02 ақпан күні Шымкент қаласы  Білім басқармасына қарасты №130 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен   ZOOM платформасында "Сапалы білім" жобасы аясында білім алушылардың білім сапасын арттыруға арналған  жұмыс жоспары негізінде жетекші мен тірек мектептері арасында (№130, №103, №106, №121, №122, №123, №125, №126) «Сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік сағат ұйымдастырылды. 
Шара барысында №103 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Досыбаева Гулназ «Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар, №103 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Кадыркулова Зауре «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу сапасын жақсартудағы тиімді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында шебер сабақ көрсетті. 
 №130 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсеева Молдир «Үлгермеуші оқушымен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында шебер сабақ өткізді. 
Аталған шараға қатысушылар оқушының білім сапасын арттыруда мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігіне, сабақ барысында қолданатын заманауи белсенді әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне байланысты. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау екеніне қатысушылар көз жеткізді.
Нәтижесінде қатысушылар оң кері байланыстарын жеткізіп, тәжірибе алмасты.








и ещё 6


Все реакции:26Аксуйген Ушкемпир, Жадра Сламбаева и ещё 24
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив