17
май
2023
Аталған кездесуге “ӨРЛЕУ” БАҰО АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша КДИ директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы шақырылды.
АДАЛДЫҚ - ПАРАСАТТЫЛЫҚ
Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының 2023 жылғы 10 мамыр күнгі №440 хатына сәйкес Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлықтың жоспарына сәйкес Орыс тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 16 мамыр күні «Адалдық - парасаттылық» тақырыбында 11сынып оқушыларының қатысуымен TEDX форматында кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге “ӨРЛЕУ” БАҰО АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша КДИ директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы шақырылды.
Шара мақсаты: оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру, жастардың бойында адалдықты көтермелеу, белгілі бір еңбек, кәсіби іс-әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау.
Кездесу барысында парасаттылық пен адалдық ұстанымдары, дұрыс тәрбие, ізгі қасиеттер жайлы сөз қозғап, Мұхтар мырза өзінің жастық шағынан бастап, еңбек жолы туралы қысқаша әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті.
Кез келген істе жетістікке жетудің басында "адалдық" тұратындығын, шыншылдық пен туралықты ту етіп ұстанғандардың әрдайым өз мақсатына жетуде оңай қол жеткізетіндігіне тоқталды. Жастарға болашақта қандай қызметте болса да, "адалдықты" басты назарға алу керек екендігін айтып, өз ақыл-кеңестерін айтты.
Шара барысында жастар жағы тақырып төңірегінде айтылған ойларды тыңдап қана қоймай, азамат ретінде өз пікірлерін де білдірді, қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды.




