23 мамыр күні “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік салтанатты іс-шара » «№130 жалпы орта мектебі»
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№130 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-51-14
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-51-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23 мамыр күні “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік салтанатты іс-шара
24
май
2025

23 мамыр күні “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік салтанатты іс-шара

2025 жылдың 23 мамыр күні “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді.
Кеше ғана жүректері лүпілдеп мектеп қабырғасын аттаған 45 түлек алтын ұя мектебінен үлкен өмірге қадам басты. Мектеппен қоштасу – балалықтың артта қалып, жаңа өмірге аяқ басудың алғашқы қадамы. Бұл күн – жүректе мәңгі сақталатын ерекше сәт. Ұстаздар түлектерге білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен адалдықтың, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың не екенін үйретті. Енді осы алған тәлім мен тәрбиені өмір жолында абыроймен алып жүретіндеріне кәміл сенеміз. Алдарыңызда үлкен таңдау бар – болашақ мамандық, жаңа орта, жаңа өмір жолы. Қайда барсаңыздар да, жүректеріңізде үміт пен сенім, ақыл мен парасат серік болсын! Армандарыңыз асқақ, ал мақсаттарыңыз айқын болғай! 
Туған елге, ата-анаға, ұстаздарыңа, ел-жұртыңа абырой әкелетін азамат болыңыздар!
        Іс-шараның қонақтары Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымова Жанар Сатыбалдықызы, Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әлжан Дінислам Русланұлы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері Ақмарал Молдиярқызы, Маханбетов Сакен және ата-аналар комитетінің төрағасы Тастанбеков Маханбетәлі мектеп ұжымы мен бітіруші түлектерге ізгі тілектерін айтты.
Ақ жол, жас түлектер!
#Balaqorgau
#bala_qorgau
#Балаларжылы
#Мектепстуденттікпарламент_тәрбие_шымкент_әдістемелікорталық
#біртұтас_тәрбие 
#Біртұтас_тәрбие_Шымкент
#QR_Oqu_agartu_ministrligi
#Министерство_просвещения_РК
#ЫАлтынсаринатындағыұлттықбілімакадемиясы 
#MeruertMedetbekova
#АнарТәңірбергенов
#шуағымсыңсен
#Білім_және_Ғылым_министірліг
#ТазаҚазақстан #Заңжәнетәртіп #Адалазамат #Білімім_Отанымa 











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив