15
декабрь
2022
"Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі"
"Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" тақырыбындағы онкүндік аясында 13.12.2022ж. күні 5 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Байташева Ұлбике Бейсебайқызы "Сейітқұл - ел қамқоршысы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында "Суреттер сөйлейді",
"Қар кесегі", "Сұрақ-жауап", "5- қадам" әдістерін қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетті.
Оқушылар сабақтан алған білімдерін алдарына таратылған карточкаларға жазып, кері байланыс берді.
Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Болганова Айгуль Маликовна сабаққа қатысып,мақсатка жету жолында тиімді әдіс-тәсілдер қолданғанын, оқушылар өте белсенді болғанын, тапсырмалар тиімді әдіс-тәсілдермен орындалғанын айтып кері байланыс берді.