28
февраль
2024
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек»
🛑Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.
🛑Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес (анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.
🛑Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын , кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.
🛑Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса алдын ала ескертіңіз.
🛑Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.
🛑Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аударады.
🛑Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фотосуреті болады.
🛑Балалардың интернетте еркін отыруына жол бермеңіз. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
🛑Балаға Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз.
🛑Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз. Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет
🛑Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
🛑Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
🛑Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
🛑Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңда ата-анаңа ескерт.
🛑Интернет желісіне бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
Әрқашан «ЖОҚ» деп жауап бер:
🛑Егер сені тіпті көршілер болса да қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
🛑Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса; Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.
🛑Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатынын түсіндір, бірақ ешқашан шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
🛑Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сене үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
🛑Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақытқа шатастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысалы портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарай қаш.
🛑Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіне аударту үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты дауыстап айқайла.
🛑Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекенжайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.
#зорлықзомбылық
#РУМЦДОМОНРК
#өзінөзібасқарушымкент
#школьноесамоуправление
#Шымкентқалалықбілім_басқармасы
#Шымкент_мектеппарламенті_2023
#қосымшабілімберуорталығы
Rumcdo Mon RK