03
февраль
2025
"Отбасымен бірге кітап оқимыз"
"Отбасымен бірге кітап оқимыз"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында №130 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары Д.Алдиярова, М.Момбекова ұйымдастырумен
2025 жылы 31 қаңтар 3а, 2ә сынып сынып оқушыларымен ата-аналарымен "Отбасымен бірге кітап оқимыз" атты кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Отбасы басты қазығы,алтын тіреу діңгегі бала.Акцияның басты мақсаты білім алушыларымыздың отбасы мүшелерімен бірге оқыған кітаптарын насихаттап, кітап оқуға тарту, ата-анамен бала арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету.Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз.Жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой- өрісін шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуаты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру.Отбасыдағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.Отбасылық оқуды дәріптеу арқылы оқу машықтарын дамыту, кітап оқудың қоғамдық мәртебесін және оқырмандардың мәдени деңгейін қалыптастыру.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиетті басқа ғылым кереметтерін кітап арқылы білеміз. "Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы" бұл сөзде оқуға деген рухани азық жөнінде көп ойларды тоқуға болса, Майлықожа ақынымыздың "Әлемге толса көкірегің - ашылар көзі сананың" деген даналық сөзінің астарында қанша мән жатыр.Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетіне тарихымен өнерін қастерлеп, халықтың салт- дәстүрін аялай, ардақтай тәрбиелеу кітаптың еншісінде.
Кітап ақыл - кеңес тәлім-тәрбие, үлгі - өнеге алады.Кітап - біздің рухани жан азығы.
#Шымкент_әдістемелік_орталық
#Оқуға_құштар_мектеп
#балалар_кітапханасы_бағдарламасы
#Менің_сүйікті_кітабым