12
октябрь
2021
"Құқықтық мәдениет" айлығының аясында
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты #130 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық мәдениет" айлығының аясында Құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында бос уақытты тиімді өткізу күніне орай, мектеп парламентінің өзін-өзі басқару ұйымының спорт фракциясының мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепішілік шахмат сайысы 9-10-11 сыныптар арасында өткізілді.Шахмат сайысы нәтижесінде
1 орын-Асанхан Сұңқар 9ғ
2 орын-Ахмет Дастан 10 а
3 орын-Бауыржанұлы Ертөре 10а
жүлделі орындарға ие болып, жуырда қазан айында өтетін Шымкент Жастар Лигасына" жолдама алуға мүмкіндік алды.
«Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында жарияланған онкүндікке ақпараттық қолдау көрсету мақсатында әр күнде өткізілген іс-шаралардың қорытындысында онкүндік іс-шараға белсене қатысқан оқушыларды жетекшілерінің қолдауымен сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.