19
май
2023
"Мейірім-жүректен" айлық жоспары негізінде 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы түрлі буллингтерге, құқықбұзушылықтарға төзбеушілікке баулу мақсатында ювеналдық полиция қызметкері Б.Айк
"Мейірім-жүректен" айлық жоспары негізінде 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы түрлі буллингтерге, құқықбұзушылықтарға
төзбеушілікке баулу мақсатында ювеналдық полиция қызметкері
Б.Айкөзовпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ювеналдық полиция қызметкері Б.Айкөзов кәмелетке толмағандардың профилактикасы және құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндірді.

